Disney мультфильмдерінің кейіпкерлері неге ақ қолғап киеді?

Disney мультфильмдеріндегі Микки Маусты, Дональд Дакты немесе Пиноккионы қолғапсыз елестету қиын.

Неге олардың бәрі ақ қолғапта деген сұрақ туындаған жандарға жауап іздеп көрдік.

1. Ақ қолғап жануарларды, құстарды және жансыз заттарды адамға ұқсас етуге көмектеседі. Ең кішкентай көрерменге де эмоциялары, проблемалары мен сезімдері ұқсас кейіпкерлерге сену оңайға түседі.

Алғаш рет ақ қолғап 1929 жылы «Ауыл операсы» мультфильмінде Микки Маусқа киіледі. Уолт Дисней Миккидің тышқан қолымен болғанын қаламады.

2. Кейіпкерге қолғап кигізу суретшілер мен аниматорлардың уақытын және күшін үнемдейді. 1980 жылдардың аяғына дейін анимацияда компьютерлік графика қолданылмады, сондықтан мамандар әр кадрды қолмен сызған. Қол мен табанды салуда әр бөлшекке мұқият болу керек, сондықтан оларды салу қиынырақ болады.

3. Көбінесе мультфильм кейіпкерлері күңгірт түсте болғандықтан, ақ қолғап оларды айқындай түскен.