Демалыс күндері жаңбырлы ауа райы күтіледі

Қазгидромет 18-20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік суық антициклон жауын-шашынның тоқтатылуына және ауа температурасының батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында төмендеуіне әкеледі. Демалыс күндерінің басында ғана Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 аяз – 10 жылудан 1-13, күндіз 13-20-дан 15-23 жылуға дейін: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін; шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылудан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 жылуға дейін. Ал республиканың оңтүстігінде: түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылу болады.

Бұған дейін елімізде «мизам шуақ» қашан болатынын жазғанбыз.