Бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығарды

Еліміздегі медициналық мекемелерде дыбыстық және видеожазба жүргізуге қойылған шектеу алынып тасталды.

Бұл туралы бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында жарияланды. Осыған дейін денсаулық сақтау ұйымдарында науқастар мен медицина қызметкерлерінен рұқсат алмай аудио-, фото- және бейнетүсірілім жүргізуге шектеу болған еді. Енді жаңа қаулыға сәйкес рұқсат алып керек емес. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі де өзгерді. Індеттің ілмегіне ілінгендермен байланыста болған адамдар міндетті түрде екі апталық карантинде болуы қажет. Ал екпе алған азаматтарда аурудың клиникалық белгілерін болмаса оқшауланбайды.