Қазақстанның қай елдермен визасыз режимге қайта көшетіні анықталды

Қазақстан 16 елмен әуе қатынасын жаңартады.

Бұл елдердің қатарында Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзербайжан бар.

Сондай-ақ қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекет азаматтарына Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режим қайта басталады (Италия, Нидерланд, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша, Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).

Бұған дейін елімізде карантин талаптары жеңілдетілгенін жазғанбыз.