Бір бөлмелі пәтерді жөндеуге қанша қаражат керек?

Елде құрылыс материалдары әлі қымбат. Кей тауар 20 процентке, ал енді бірі 70 процентке қымбаттаған. Бағаның өсуіне бірыңғай зейнетақы қорынан бөлінген қаражат себеп болды. 

Динара Уәли - блогер. Ол пәтер жөндеу жұмыстарына қатысты лайфхактарды үнемі оқырман назарына ұсынып отырады. Базардағы және гипермаркеттегі бағаны салыстырып, тиімдісін анықтайды.

Айтуынша, қазір жөндеу жұмысы мен құрылыс материалдары айтарлықтай қымбаттаған. Мәселен, былтыр бір бөлмелі пәтерді қарапайым жөндеуге 1млн 200 мың теңге қажет болса, қазір шығын 2 есеге өскен.

Динара Уәли, блогер:

- Жай ғана ремонт 20 мыңнан жоғары, құрылысшылардың бағалары. Дизайнерлік ремонт жасасақ, құрылысшылардың жұмысымен керамогранит дейміз ғой бұл заманауи материал. Елдердің барлығы қолданады, плиткалар енді. 1шаршы метрі 70 мыңға дейін барады. Бұның ішіне жиhаздар мен тұрмыстық техника кірмейді, мысалы, бағасы төмен, 60*60 керомагранит төмендеу болады. 120*60 үлкен керомагранит бағасы қымбаттау болады.

Құрылыс дүкендерінде материалдар бағасы едәуір артқаны байқалады. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жыл басынан бері цемент 5 процентке, полиэтиленді құбырлар 10 процентке, ал кірпіш 6 процентке қымбаттаған. 

Виктор Микрюков, Қазақстан құрылыс компаниялары қауымдастығының президенті:

- Бір бөлмелі пәтерге, яғни 1 шаршы метрге жөндеу жұмыстарын жүргізуге 35-50 мың теңге қаражат қажет. Бізде құрылыс материалдарын өндіреді. Дегенмен, шетелдік компаниялардан импортталған тауарлар сұранысқа ие. Еден жабындары 1500 теңгеден 50000 теңгеге дейін барады. Тұскағаздар желімінің 25 метрі 200-ден 50 мыңға дейін тұрады. Бұл салада алаяқтардың арбауына түспеу үшін сенімді компаниялардың көмегіне жүгіну қажет.

Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, бағаның өсуіне зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мүмкіндігі себеп болған. Сондай-ақ карантиндік шектеулер де қымбатшылыққа әсер еткен. Шекараның жабылуына байланысты шетелден келетін жұмысшы азайған. Құрылыс материалдарын сырттан тасымалдау шығыны да көбейген.

Марина Орынбаева, «Отбасы банк» АҚ Бизнесті басқару басқармасының бастығы:

- Тұрғын үй жағдайын жасатқан кезде біздің банк арқылы қазіргі таңда жинақ жасап барып, белгілі бір шарттарды орындап, 50 процентті қосып несие рәсімдеуге болады. Қазіргі таңда қолданыстағы бағдарлама. «Ұмай» деп аталады. 3 млн 700 мыңға дейін рәсімдеуге болады. Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан 268 мыңнан астам адам ақшасын пайдаланды. Басым көпшілігі баспана сатып алуға пайдаланып жатыр.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аз процентті несие алатын қазақстандықтардың саны артқан. Мәселен, 8 айда «Отбасы банктен» 587 адам несие алған. Жалпы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 142 мыңнан аса адам қаражатты тұрғын үй алуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге пайдаланған.

Наргиз Бекмағанбетова, Жарқын Мырзахан, Аят Дүйсембаев