Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Атырауда күндіз 22 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 м жылдамдықпен жел соғады.

22 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 4 градусқа дейін үсік сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

22 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 22 қыркүйекте жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

22 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түнде 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі. Бесқарағай, Үржар аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

22 қыркүйекте түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

23-24 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарда, тау бөктерінде топырақ бетінде 1-3°С үсік күтіледі.

Тәулік бойы 22, түнде 23 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, 24 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 22-24 қыркүйекте таулы және тау бөктерлі аудандарда топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Тараз қ: күндіз 24 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сондай-ақ...