Шайдың қай түрі денсаулыққа қауіпті

Қантты шайды шамадан тыс тұтыну зиян. Адамда метаболизм мен тіс проблемалары болуы мүмкін.

Мұны диетолог Елена Соломатина растайды.

Оның айтуынша, қант қосылған шай қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады. Әсіресе, қант диабетімен ауыратын адамдарға ерекше қауіп төндіреді.

«Қандағы қанттың ауытқуы қант диабетіне дейін немесе қант диабетімен ауыратындар үшін зиян. Сондай-ақ мұндай сусын артық салмақ және тіс проблемаларын туғызады. Шай құрамында тістерді шіруден қорғайтын заттар бар, бірақ олардың барлығын қант жойып жібереді», - деп түсіндірді маман.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru