Тұран даңғылы бойындағы жергілікті жолға біржақты қозғалыс енгізілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Полиция департаментімен бірлесіп Тұран даңғылының бойындағы жергілікті жол бойына бір жақты қозғалыс енгізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бір жақты қозғалыс Тұран даңғылының бойындағы жергілікті жол бойына енгізілді.

«Сарыарқа» СОО-дан Бөгенбай көшесіне дейін (Бөгенбай батыр даңғылымен шатастырмау керек).

Бұл шара өткізу қабілетін арттыру, кедергісіз өтуді қамтамасыз ету және қарсы көлік құралдарының жергілікті жол жүруде жүріп-тұруы кезінде жанжалды жағдайларды болдырмау үшін іске асырылады.

Жүргізушілерге сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз» делінген хабарламада.