Қазгидромет: елдің бірнеше өңірінде ауа райы құбылады

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазгидрометтің хабарлауынша, Жамбыл облысының таулы аймағы мен Түркістан өңірінде күн күркірейді. Қатты жел тұрып, жаңбыр жауады.

Сонымен қатар, Қызылорда, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында қатты жел соқса, Маңғыстау аумағында дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай өңірлерінде түнде ауа температурасы 2-4 градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ Қостанай облысының кей аумағы мен Ақмола, Павлодар өңірінде тұман түседі.

Сондай-ақ...