Пәтерге адам тіркелгені туралы смс-хабарлама келеді

Елде тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуге тұрудың тәртібі өзгерді. Енді үй иесіне тіркеуге қойған азамат туралы мәлімет оның ұялы телефонына смс-хабарлама түрінде жіберіледі. 

Ал егер тіркеуден шығарып тастаса, ол туралы да екінші адамға дәл солай ескертіледі. Бұл туралы азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясының өкілдері хабарлады.

Мамандардың айтуынша, бұл «резеңке пәтер» проблемасын шешуі тиіс. Яғни бұған дейін тұрғындар тарапынан бәзбіреулердің оның пәтеріне рұқсатсыз тіркеуге қойылғаны жайында шағымдар көп түскен. Сондай-ақ пайда табу мақсатында тіркеуге қойып берем деуші алаяқтардың да құйтырқылығына тосқауыл қойылмақ.