425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде демалыс күндері қар жаууы мүмкін

  • 214
  • UPD: 11:09, 24.09.2021
Елімізде демалыс күндері қар жаууы мүмкін kt.kz

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 25-27 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамы.

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі — солтүстік-батыс және оңтүстік циклонның бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады: республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 аяздан 5-ке, 3-11 жылуға дейін, күндіз 13-23-тен 3-13 жылуға дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 аяздан 3-8 жылуға дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 жылуға дейін болады деп болжануда. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 аяз 5 жылуға, күндіз 7-17 жылу аралығында.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15-тен 10-17-ге дейін жылу, күндіз 25-32-ден 18-25-ке дейін жылу төмендейді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы