Тұман, шаңды дауыл, үсік: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды.

25-27 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күші 15-20 м/с, түнде және таңертең 27 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 25 қыркүйекте таулы және тау бөктері аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік сақталады. Тараз қ: 27 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с күтіледі.

25 қыркүйекте Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде және батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 25 қыркүйекте күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман күтіледі.

25 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 25 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 16 м/с күтіледі.

Түнде 25 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарда, тау бөктерінде 1-3 °С үсік сақталады. Талдықорған қаласында түнде 25 қыркүйекте 1-3 °С үсік күтіледі.

25 қыркүйекте Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с.

Сондай-ақ...