Ескерту: бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Арқада ызғар есіп тұр. Күздің қара суығы, бүгін қар аралас жаңбырға ұласады.

Ал шығыстан ұйтқи соққан желдің екпіні кей жерлерде 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда да табиғат тап осындай мінез танытады», - дейді синоптиктер. Ал елдің батысы мен Қызылорда аймағында найзағай ойнап, жауын жауады. Түркістанда дауыл тұрып, Ақтөбе, Алматы, Қарағандыда жел күшейеді.