Google-ге 23 жыл: іздеу жүйесі туралы қызықты деректер

Google өзінің туған күнін 27 қыркүйекте атап өтеді. Іздеу жүйесіне бүгін – 23 жыл.

Google екі компьютершінің кездейсоқ кездесуінің арқасында пайда болған. Стэнфорд университетінің аспиранты Сергей Брин 1997 жылы Ларри Пейдждге кампусты көрсетпек болады. Осылайша, олар танысып, келесі жылы жатақхана қабырғасында іздеу жүйесін құрады.

Осылайша, 1998 жылы Google Inc ресми түрде пайда болды. 

Google атауы «гугол» сөзінен шыққан, бұл 100 нөлі бар санды білдіреді.

Қазір компанияда 72 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Google-дің әлемдік іздеу жүйелері нарығындағы үлесі шамамен 90% құрайды.

Сондай-ақ компания ең танымал 10 мобильді қосымшаның бесеуіне ие: YouTube, Google Play, Google Maps, Gmail және Google Search.

23 жыл бойы Google күн сайын әлемнің 150-ден астам тілінде миллиардтаған іздеу сұрауларын талдайды.

Сондай-ақ...