Денсаулыққа ең пайдалы сорпа түрі анықталды

Жасымық сорпасы – денсаулыққа ең пайдалы тағам.

Оны дайындау үшін сізге 20 минут уақыт пен бес ингредиент қажет. Бұл сорпада бірден 12 аминқышқылдары, сондай-ақ өсімдік ақуыздары мен талшықтар бар. Аталған тағам иммунитетті нығайтуға көмектеседі дейді дәрігерлер мен диетологтар.

Жасымық сорпасын дайындау үшін сізге 200 грамм жасымық қажет, оны кем дегенде бес сағат суға сіңдіру керек. Дәнді бұршақ дақылдарын түнде суда қалдырған дұрыс. Сорпаға картоп, пияз, сәбіз және май қосасыз. Жасымық пен барлық көкөніс піскен соң, блендермен езіп, пюреге айналдырыңыз. Дайын тағамды жасыл пиязбен безендіруге болады.

Ет қосылған көкөніс сорпасы пайдасы жағынан екінші орында. Бұл сорпаға жасыл бұршақ, асқабақ және балдыркөк кіреді. Егер сіз оны ет сорпасында дайындағыңыз келмесе, минтай және хек балығынан жасасаңыз болады.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru

Сондай-ақ...