Минералды суды қалай дұрыс ішу керек – диетолог жауабы

Минералды су дүкен сөрелерінде еркін сатылады және шөлді жақсы басады. Бірақ кейбіреулер үшін мұндай суды пайдалану сирек кездесетін жағдай, ал басқалары оны күн сайын ішеді. Минералды су асқазан-ішек жолдарының ауруларын жеңуге, артық салмақтан арылуға көмектеседі, сонымен қатар ағзадан токсиндерді шығарып, күш береді. Минералды су пайдалы болуы үшін оны дұрыс ішу керек.

Минералды су үш түрге бөлінеді - асханалық, емдік-асханалық және емдік, оны қолданудың өзіндік ережелері бар. Мысалы, асханалық минералды суды кез келген адам іше алады, еш зияны жоқ. Емдік-асханалық су аутоиммунды аурулардың алдын алу үшін қолданылады, оның құрамында йод жеткілікті. Дәрілік минералды суды дәрігермен кеңескеннен кейін ғана ішуге болады.

Мысалы, асқазан аурулары кезінде құрамында сілті бар минералды су тағайындалады. Бұл қауіпті қосылыстарды кетіруге көмектеседі және асқазан микрофлорасын бактериялардан тазартады.

Емдік минералды суды шектен тыс пайдаланудың зиянды тұстары да бар. Оны арнайы курс бойынша ішкен дұрыс. Сусынды бақылаусыз тұтыу кейбір созылмалы ауруларды күшейтуі мүмкін.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru