Аяз, қар, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кезеңнің басында батыс өңірлерді қоспағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кетіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар күтіледі. Оған қоса, жауын-шашын көктайғақ құбылыстарымен ұласпақ. Түнде және таңертең тұман болжанады.

1 қазаннан бастап, солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуына қарай, жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының одан әрі төмендеуі, суық күтіледі: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аязға, күндіз 2-7 градус жылуға дейін. Еліміздің солтүстік-батысында болса, түнде термометр 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус аралығында жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерге келсек, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында ғана ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 аяз-5 жылуды, күндіз 10-15-тен 13-18 жылуға дейінгі аралықты құрайды.

Сондай-ақ...