Асқабақтың қатерлі ісікке қарсы әсері туралы айтылды

Асқабақтың құрамында ісік тамырларының өсуін тежейтін зат бар, яғни аталған көкөністі жеу қатерлі ісік қаупін төмендетеді.

Бұл туралы диетолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург айтты. 

«Соңғы уақытта біз белгілі бір өсімдіктерден ісіктердің пайда болу ықтималдығын азайта алатын қасиеттерді таптық», – деді маман.

Оның айтуынша, бұл өнім антиоксиданттарға бай, сонымен қатар қатерлі ісікке қарсы әсері күшті.

«Асқабақта каротиноидтардың, А дәруменінің көп мөлшері бар. Олар адам ағзасында пайда болатын мутация процесін баяулатады және бұл да қатерлі ісікке қарсы әсер етеді», – деп жалғастырды сөзін дәрігер.

Ақпарат көзі: life.ru