Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты

Әлемде жиі қолданылатын Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінің жұмысы уақытша тоқтап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Қазақстанда шамамен 21:30-да істен шықты. Downdetector сервисінің мәліметінше, техникалық қиындықтар дүниежүзінің барлық елінде байқалған. Әзірге ақаудың неден туындағаны белгісіз.