Тұман, көктайғақ, дауыл: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Көкшетау қ.: 6 қазанда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Түркістан қ.: солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші – 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауылмен сақталады.

Қызылорда қ.: 6 қазанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.