Ауа райы: үш өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан өңірлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Нұр-Сұлтанда бүгін кешегіден сәл жылы болады. Термометр бағандары күндіз нөлден төмен түспейді. Бірақ жүргізушілер мұқият болу керек, соңғы күндері елорда жолдарында жүздеген апат болды.