Қазақстанда күн жылиды

Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа райы жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі. Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, шығыста және орталықта – көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста шаңды дауыл күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10...18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15...20-ға дейін аздап жоғарылайды.