Елорда көшелерінде полицияны шұғыл шақыруға арналған «SOS» түймелері орнатылды

Бұл заңға қайшы қандай да бір әрекетті немесе төтенше жағдайды көргенде қолданылатын арнайы құрылғы.

Қазір қалада мұндай 6 дабыл бар. Олар Есіл өзенінің жағалауы, базарлар мен сауда үйлерінің аудандарына, Гете көшесіндегі теміржол вокзалының алаңына орнатылды. Жыл соңына дейін адам көп жиналатын орындарда 13 дабыл түймесі қойылмақ.

Қайрат Раушанов, қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының бастығы:

- Азаматтар бұл құрылғының батырмасын басқан кезде жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен дереу байланыса алады. Орнатылған камераның көмегімен видеотүсірілім жасалады. Барлық деректер жүйе арқылы автоматты түрде тіркеледі.