Тұман, жаңбыр, жел: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 9 қазанда бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 17-22, екпіні 27 м/с.