426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанның бірқатар аумағында бүгін көктайғақ болады

  • 199
  • UPD: 08:49, 11.10.2021
Қазақстанның бірқатар аумағында бүгін көктайғақ болады

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Әсіресе елорда мен солтүстік аймақтарда қолайсыз күн райы күтіліп отыр. Бүгін бас қалада қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Ал Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ Түркістанның таулы аудандарында қалың тұман түседі. Қазгидромет мамандары осылай деді.

Хабар 24 телеарнасы