Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Осы күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15...23 градус жылы болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – 7...15 жылы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12....21 жылы болатыны болжанады.