Қарашаның ортасында 30 градусқа дейін аяз күтіледі

Қарашаның екінші жартысында еліміздің басым бөлігінде қар түсіп, көк тайғақ болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Айдың бірінші онкүндігінде күн жылы болады. Шығыста термометр бағаны түнде -30 градусқа дейін, ал еліміздің өзге өңірлерінде сынап бағанасы күндіз -8, -13 градус болса, түнде -17, -25 градусқа дейін суытады. Ал желтоқсан айы солтүстік аймақтар үшін қарлы боранмен басталады. Жыл басы қаңтарда Моңғолия аймақтарынан антициклон келеді. Қазақстанның солтүстігінде түнде сынап бағанасы -40 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте -22, -30 градусқа дейін суытады» делінген Қазгидромет хабарламасында.

Жұлдыз Исабекова, Ауа-райын болжау орталығының басқарма басшысы:

– Қараша айына келетін болсақ, айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжануда. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы 0-ден -8, -13 дейін түсуі мүмкін, аяз күтілуде. Екінші жартысында күрт төмендейді. Былтырғы қыс жауын-шашынды болды. Биылғы қыста жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтілуде.

Сондай-ақ...