Алматы қаласында құрылыс салу ережесі өзгерді

Алматыда құрылыс салу ережесі өзгерді. Яғни құрылыс компаниялары қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және құрылысты жоспарлау қағидасын бұзбауы тиіс.

Айта кетейік, мұндай ереже бұрын да болған. Ережені бұған дейін республика болып қолдананып келді. Ал еліміздегі ең ірі шаһар Алматының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан салынатын нысандар қаланың кескін-келбетіне нұқсан келтірмеуі керек. Қайта сәулетін айшықтай түскені жөн. Бұдан былай тұрғын үй кешендері мен ғимараттардың арақашықтығы, биіктігі, ауаның өту жүйесі қатаң бақылауға алынады. Егер де ескі үйлердің орнына жаңасы салынған жағдайда айналасындағы нысандардан биік болмауы шарт. Осыған байланысты мегаполисте жүргізілетін құрылыс жобасы алдымен қоғамдық талқылаудан өтіп, оған қатысты сол маңдағы тұрғындардың да өтініш-пікірлері ескеріледі.

Жанат Айтілеу, Алматы бас жоспар институты ғылыми- зерттеулер шеберханасының басшысы:

- Егер тұрғын үй кешендері салынатын болса, жаңағы жерде мектебі бар, балабақшасы бар, медициналық мекемесі бар. Солардың бәрі халыққа жеткілікті болуы керек. Егер ондай жеткіліксіз болса құрылыс салуға болмайды. Қала құрылысы ережелері бар, соған байланысты құрылыс түрі ағаш егу, бау-бақша, саябақтар, парктер егу сол ережелерде көрсетілген. Соған байланысты 500 метр жерде қолжетімді жаяу баруға болатын жерлерде халық тұтынатын мекемелер, саябақтар, әрқайсынының нормалары бар.