430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бірнеше облыста ауа райы бұзылып, күн суытады

  • 224
  • UPD: 10:57, 30.10.2021
Бірнеше облыста ауа райы бұзылып, күн суытады ГТРК "Южный Урал"

Елдің бірқатар өңірінде қырбық қар түсіп, күн суытты.

Солтүстік Қазақстан облысында қар борап, көктайғақ болады. Ақмола, Қостанай өңірлерінде де күн бұзылады. Жамбыл облысында жауын-шашын үдей түспек. Нур-Сұлтанда таңсәріде қар жауып, қаланы қырау басты. Мұнда күндіз 4 градус жылы болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы қараша айында күн бірте-бірте суыта бермек. Оңтүстік өңірлер де күздің қара суығын сезінетін болады. 

Хабар 24 телеарнасы