Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі – жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын.

3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі – солтүстік-батыста түнгі температура 5...15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 аязға дейін, оңтүстікте 3...13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді. Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Бұған дейін қараша айына арналған ауа райы болжамын жарияланғанбыз.