ТЖМ елордалықтарға жолда абай болуды ескертеді

ТЖМ елордалықтарға жолда абай болуды ескертеді

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 2 қарашада елордада тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі.

Батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Құрметті қала қонақтары мен тұрғындары Төтенше жағдайлар департаменті дауылды жел кезінде ең алдымен, тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеруді, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз етуді, өртке қарсы құрал-жабдықтарды дайындауды ұсынады.

Сондай-ақ жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді тығыздап жабу ұсынылады.

ҚР ТЖМ мәліметінше, құрылыс нысандарына халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау; мүмкіндігінше құрылыс нысандарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының қызметін шектеу ұсынылады.

Тұман болған жағдайда:

- жүргізушілер қатты тежеуден аулақ болуы керек. Егер жолға шығу керек болса, тұман аймағында жылдамдықты едәуір төмендету керек, ал егер жолдағы көріну екі метрден аспаса, қозғалысты тоқтатып, тоқтау ұсынылады. Сондай-ақ міндетті түрде габариттік оттарды қосу және жылдам жасалатын маневрлер – орын ауыстыру және басып озулардан аулақ болу қажет.

- жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде ғана өту ұсынылады;

- сақ болыңыз, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалаңыз!

Көктайғақ кезінде:

- биік өкшелерден бас тартып, жай табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;

- жолдың жүру бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;

- көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;

- аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.

Естеріңізде болсын: әсіресе арқамен, бетпен құлау қауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» телефонына қоңырау шалыңыз!