Елордада полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды

Елордада бір күнде 74 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам зардап шекті. Бұған күн райының қолайсыздығы басты себеп.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жолға шыққан азаматтарды мейлінше сақ болуға шақырады. Синоптиктер табиғаттың тосын мінезі әлі біраз уақыт сақталарын айтады. Қар аралас жаңбыр арты мұзға айналып, жарақат алу жағдайлары жиілеуі мүмкін. Сондықтан мамандар қысқы дөңгелекке ауыспай жүрген көлік жүргізушілеріне тезірек қамдануды ескертеді.