Еліміздегі ауасы ең лас 10 қала анықталды

Соңғы 3 жылда елімізде ауа ластануының 1600-ден аса дерегі тіркелген. Соның 66 жағдайында қауіпті деңгей тіркеліпті.

Жалпы Қазақстандағы 10 қаланың ауасы ең лас деп танылды. Олардың қатарында Ақтөбе, Атырау, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Өскемен бар.

Ауаның ластануына негізінен ауыр өнеркәсіп орындарының жұмысы себеп. Сондай-ақ көмір жағу, су кәріздерінің ескіруі, тұрмыстық қалдық полигондарының экологиялық-санитарлық талапқа сай болмауы сынды бірқатар факторлар да кері ықпалын тигізеді.

Үкімет отырысында мәлім болғандай, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 17 бағыттағы жол картасы әзірленген. Олар көмір өндірісі, энергетика, көлік логистикасы, өңдеуші өнеркәсіп, ауыл мен орман шаруашылықтары мен қоқысты өңдеу саласындағы өзгерістерді қамтиды.