Елордадағы жәрмеңкеде 200-ден астам тауар өндіруші өз өнімдерін ұсынады

Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы жалғасуда.

Осы және келесі демалыс күндері, яғни 6-7 және 13-14 қарашада «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда бірнеше өңірдің және Нұр-Сұлтан қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

6-7 және 13-14 қарашада «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15% төмен тауарларды сатып ала алады.

Сөрелерде өнімдердің кең ассортименті ұсынылады, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және т.б.

Екі жәрмеңкеге 200-ден астам тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысады.

Айта кету керек, елордада жәрмеңкелерді өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру құралдарының бірі болып табылады. 21 тамыздан бастап Нұр-Сұлтандағы 14 жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 860-тан астам тауар өндіруші қатысты. Олар барлығы 4,8 мың тоннадан астам азық-түлік сатты.

«Биыл қала басшылығының шешімімен әр жәрмеңкеге тауар өндірушілер мен Нұр-Сұлтан базарларының көтерме сатушылары қатысады. Әр жәрмеңкеге елорданың 100-120 өндірушісі қатысады», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Оның айтуынша, ауа райы жағдайы жәрмеңкеге қатысуға әсер етпейді, қала тұрғындары азық-түлікті артығымен сатып алуда. Атап өткендей, өңірлердің жәрмеңкелеріне елорда халқының үштен бірі қатысады.

«Жәрмеңкелер – бұл ең алдымен арзан әрі сапалы өнімдер, елорда тұрғындарына қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігі. Жәрмеңкелер кезінде жақын дүкендердегі келушілер трафигі төмендейді, мұны талдау нәтижесі көрсетті. Жәрмеңкелер-қаладағы бағаны ұстап тұруға ықпал ететін құралдардың бірі», – деп атап өтті елорда әкімдігінің өкілі.