«Абай» шахтасы қай компанияға тиесілі екені белгілі болды

Бүгін 6 адам опат болған, «Абай» шахтасы «Арселор Миттал» компаниясына қарасты көмір өндіруші кәсіпорын.

Өңірдегі байырғы шахтаның бірі. 1998 жылы өңірдегі екі кенішті біріктіру нәтижесінде құрылған. Шахтада бұған дейін де қайғылы жағдайлар болды. 2008 жылғы оқиға әлі ел есінде. Метан газының таралуы салдарынан 30 адам опат болған. 7 адам қайтыс болып, 23-і жер астынан шығарылмағандықтан өлді деп танылған.