Жауын-шашын, тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде кезекті Солтүстік-Батыс циклоны елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс антициклонының басып кіруімен және оның шығыс бағытқа ығысуына қарай ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады.