Нұр-Сұлтанда «статусы көк» адамдар сауда орталықтарына мүлде кіре алмайды – Қаулы

Келесі аптадан бастап «Ашық» қосымшасында мәртебесі көкке боялғандар Нұр-Сұлтан қаласының сауда орталықтарына кіре алмайды.

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова қаулыға тиісті өзгеріс енгізді. Сауда-көңіл көтеру орталықтарының қызметкерлері де «жасыл мәртебеге» ие болуы тиіс. Немесе орталыққа кіру үшін ең көп дегенде бір апта бұрын жасалған ПТР тесттің нәтижесін көрсету керек. Соңғы 3 аптада коронавируспен ауырғандар және медициналық анықтамасы барларға да дүкен аралауға рұқсат.