Қазақстан мен Кувейт арасында әуе рейстері ашылады

Желтоқсанда Қазақстан мен Кувейт арасында әуе рейстері ашылады. 

ҚР ИИДМ мәліметінше, 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің Jazeera Airways әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында Boeing A320/A20N әуе кемесімен аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Аталған шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.