Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

«Антлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы қалыптасады.  Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік өңірлерде қар түрінде тұман, көктайғақ, сондай-ақ бұрқасын болжанады. 17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. 18 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасының солтүстік-батыста түнде 12...17 аязға, күндіз 7...12 аязға дейін, солтүстікте, орталықта түнде 13...20-ға дейін, күндіз 5...15-ке дейін аяз, шығыста түнде 6...18-ге дейін, күндіз 1...10-ға дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5...13-ке дейін аяз, күндіз 5 аяз–5-ке дейін жылу болады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ...