Диетологтар ең зиянды тағамдардың тізімін жасады

Көбінесе тағам қаптамаларында «майы аз» және «қантсыз» деген жазуды көріп жатамыз. Алайда олар алдамшы болуы мүмкін.

Американдық Тафтс университетінің зерттеушілері ең зиянды тағамдардың тізімін жасады.

Олар 8032 түрлі өнімді 9 фактор бойынша бағалады, оның ішінде тағамдық құндылығы, құрамы, тағамдық қоспалардың болуы, дәрумендер мен минералдардың өңделуін зерттеді.

Ең пайдалы тағамдар табиғи көкөніс шырындары (мысалы, қызанақ және балдыркөк), шикі жемістер, шөптер, тұтас дәндер, жаңғақтар, балық, хош иістендірілмеген йогурт және табиғи өсімдік майлары болып табылады.

Ал ең зиянды тағамдардың тізіміне:

- ақ нан өнімдері

- Газдандырылған сусындар мен энергетиктер

- Жеміс коктейльдері мен концентраттары

- Ет өнімдері

- Салат соустары

- Торттар мен тәтті бәліштер

- Кәмпиттер (әсіресе төмен калориялы)

Ақпарат көзі: wi-fi.ru

Сондай-ақ...