Instagram жеке басын растау үшін видеоселфи сұрай бастады

Instagram қолданушылары әлеуметтік желінің жаңа функциясына тап болды.

Бағдарлама олардың жеке басын растау үшін селфи бейнелерін талап еткен.

Бұл туралы XDA Developers жазады.

Instagram бейнені тексеру функциясын 2020 жылы қолдана бастаған, бірақ техникалық қиындықтарға байланысты кейінге қалдырылды. Енді әлеуметтік желі проблемаларды жойып, пайдаланушының жеке басын растау үшін оның бет-бейнесін сұрай бастады.