435,77 493.30 5,9
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздің он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 152
  • UPD: 23:19, 17.11.2021
Еліміздің он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 18 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Ақтөбе облысында облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 18 м/с құрайды.

Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде, күндіз оңтістінде жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан батыстан жел соғады, түнде өңірдің басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында тұман, көктайғақ болады. Түнде өңірдің шығысында және таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде өңірдің солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде өңірдің шығысында жылдамдығы 23-28 м/с артады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстік-батысында түнде және таңертен тұман болжанады. Желдің күші - 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы