476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қыс мезгілінде сізге қажет 5 дәрумен

  • 514
  • UPD: 16:36, 31.12.2021
Қыс мезгілінде сізге қажет 5 дәрумен РИА56

Қыста үнемі шаршап жүрмес үшін және ауруға төтеп беретін дәрумендер сіздің ағзаңызға аса қажет.

Витамин C – қыста адам ағзасында тапшы болады, сондықтан үнемі суық тиіп жатады. Ағзада С витамині жеткілікті болу үшін апельсин, қызанақ, болгар бұрышын жеу керек. Ашытылған қырыққабатта да С дәрумені өте көп.

В тобындағы витаминдер – егер олар жеткіліксіз болса, онда сіздің ерніңіз жарылып, тырнақтарыңыз бен шаштарыңыз сынғыш болады. Сондай-ақ бұл топтың дәрумендері жетіспесе, сіз жиі ашуға бой алдырасыз. Бұған жол бермеу үшін күрішті, жұмыртқаны, сүт өнімдерін, жаңғақтарды, қарақұмық пен қызылшаны жеу керек.

Е дәрумені – ол жасушаларды оттегімен қамтамасыз етеді, жоғары психикалық стресті жеңуге көмектеседі, сондай-ақ денені жүйке бұзылуынан және стрестен қорғайды. Бұл сізге міндетті түрде керек. Е витаминін жеткілікті алу үшін қырыққабат, шпинат, майсыз ет, өсімдік майы мен жұмыртқаны көбірек пайдаланған жөн.

D витамині – ол күннің болмауына байланысты жетіспейді. Жазға дейін қалыпты өмір сүру үшін бұл дәруменді сүт өнімдерінен, балық майынан және уылдырықты көп жеу арқылы сіңіру керекпіз.

А дәрумені –ол өте пайдалы, өйткені көру қабілетіне жауап береді, шаш пен тырнақтың күйін жақсартады, сонымен қатар иммундық жүйені нығайтады. Ол сүтте, балықта, сәбізде, ақжелкенде, өрікте және жұмыртқада көп кездеседі.

 

 
 

 

 
 

 

Хабар 24 телеарнасы