Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Қазгидромет мамандары 6 облыста дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Қарағандыда тұман түсіп, аяз күшейеді.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады.

Батыста да күн суытып, жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Оңтүстік аймақтарда тұман түседі. Елдің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады.