Мемлекеттік қызметтер 2025 жылы 100% онлайн болады

Елдегі 800-дей ауыл сапалы интернетке қол жеткізеді.

Бұл келер жылы жүзеге асатын іс. Онлайн арқылы мемлекеттік қызмет көрсету ресімдері де жеңілдейді.

Бағдат Мусиннің айтуынша, болашақта Халыққа қызмет көрсету орталығына деген сұраныс 90 процентке дейін төмендеуі мүмкін. Өйткені алдағы 4 жылда мемлекеттік қызметтерді онлайн алу қолдағы смартфон арқылы қолжетімді болады. Ерлан Бекхожин жүргізетін «Народный интерес» бағдарламасында осы жайттар сөз болады.  

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Жақында біз бесінші баланың ата-анасы болдық...

- О, бауы берік болсын!

- Спасибо! Супруге прилетело СМС о том, что ждём имя, пока вы присвоите имя ребёнка, чтобы выждать свидетельство о рождении. Не классно ли? Это и есть основная наша задача, «человекоцентричность», пронизывающая Национальный проект, который называется «технологический рывок за счёт цифровизации, инновации и науки».

- А в чем его особенность, национального проекта?

- В 2025 мы все сервисы должны предоставлять за 5 минут и 100% все госуслуг на смартфонах. Көп ұзамай адамның жеке басын куәландыратын құжаттарды электронды түрде алуға болады. Мысалы, Қазақстанның 10 әуежайында жолаушыға құжат ұсынудың қажеті жоқ. «Egov» қосымшасы болса жеткілікті. Бағдат Мусин өзінің кәсіби ғана емес, жеке жоспарларымен де бөлісті. Ерлан Бекхожинмен «Народный интересті» бүгін сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасынан көріңіз.