Еліміздің кей аймақтарында көктайғақ, боран және күшті жел екпіні әлі де жалғасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 25 қарашадағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ертең Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде таулы аудандардағы желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте  бұл күні күндіз оңтүстік-батыстан күші 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады солтүстікке ауысады, облыстың

Шығысы мен орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады деп болжайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтанда бұл күні жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанған.

Қызылорда облысының солтүстігінде де көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болса, Атырау облысының батысында күн тұман болады.