Еліміздің солтүстігінде күн суытады

Синоптиктер алдағы күндері солтүстік өңірлерде қар жауып, аяз күшейетінін айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 7-15 градусқа дейін суытады. Шығыста термометр көрсеткіші түнде минус 15-23 градусты көрсетеді. Ал батыста керісінше, Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін жылы фронттардың арқасында күндіз ауа температурасы жылы болады. Республиканың оңтүстігінде де күн жылып, 5 градусқа дейін көтеріледі.