Еліміздің тоғыз өңірінде күн суытады

Елде күн күрт суытады. Тоғыз бірдей өңірде қыстың қытымыр мінезі басталады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазгидромет мамандары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, одан соң Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Семей мен Риддерде қолайсыз ауа райы болады деп болжап отыр. Қатты жел тұрып, тұман басады. Ауа сапасы да нашарлайды.