476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздің кей өңірлері алдағы үш күнде жылы болады

  • 259
  • UPD: 12:02, 29.11.2021
Еліміздің кей өңірлері алдағы үш күнде жылы болады Толқын

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жаңбыр қар аралас жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Дегенмен батыстан жылы жел соғып, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 0-5 градус, оңтүстікте 10-15 градус жылылық орнайды.

Түркістан облысында ауа температурасы +20 болады деп күтілуде.

Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысады, температураның аздап төмендеуі күтіледі: түнде 5 градус аяз, күндіз -3-ке дейін

Маңғыстау облысында 10 градус жылылықты көрсетеді. Ал еліміздің  солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Хабар 24 телеарнасы