435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше өңірде көктайғақ болады

  • 226
  • UPD: 23:53, 01.12.2021
Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше өңірде көктайғақ болады Хабар 24

Елордада 2 желтоқсанда түстен кейін көктайғақ болады. Күндіз оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап. 

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ сақталады.

Қызылорда облысының орталығында батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.  

2 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы 15-20, таулы аудандарда секундына 23 метрге жетеді.
  
Күндіз Қарағанды облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, облыстың батыс жартысында жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23 метр жел соғады.

Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысы мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 
 
2 желтоқсанда таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

 

Хабар 24 телеарнасы